Қосымшалар

Жеке тұрғанда мағынасы жоқ, түбір сөзге жалғанып, сөздің лексикалық мағынасын өзгертетін, сөздің грамматикалық мағынасын түрлендіретін сөз бөлшегі қосымша деп аталады. Қосымшаларда, біріншіден, лексикалық мағына болмайды, екіншіден, сөзден бөлек қолданылмайды, үшіншіден, қосымшалардың дыбыстық варианттары болады. Мысалы -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер.
Қосымшалардың көпшілігі дыбыстық жағына өзгергіш, түрленгіш келеді, демек, қосылатын сөздердегі дауысты және дауыссыз дыбыстардың әуеніне қарай үйлесіп үндесіп отырады.
Қосымшалар мағынасына және атқаратын қызметіне қарай жұрнақ және жалғау болып екі топқа бөлінеді.

Комментарии Вконтакте:

“ Информация ”

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.